«Жолаушылардың бірі, 35 жастағы үндістандық Сону Джайсвал Facebook-та тікелей эфир жүргізіп, Yeti Airlines әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау сәтін видеоға түсірген. Апат салдарынан Непалда 68 адам қаза тапқан болатын», - деп хабарлады El Dato Noticias Morelos Twitter-де.Ер адам өзін, айналасындағы жолаушыларды және терезенің ар жағындағы көріністі түсіреді. Кадрлардан ұшақтың төмен қарай түсіп келе жатқанын көруге болады. Бастапқыда жолаушылардың бәрі жақсы көңіл-күйде отырады. Кенеттен айқай-шу шығып, видеодан ештеңе көрінбей қалады. Үндістандықтың камерасына жазылған соңғы кадрлар: от, шулаған дыбыс еді.
Айта кетейік, кеше, 15 қаңтарда ATR 72 турбовинтті жолаушылар ұшағы Похара қаласының ескі және жаңа әуежайлары арасында апатқа ұшырады. Yeti Airlines әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Катмандудан Похараға ұшқан. Әуекомпания өкілі бортта 68 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болғанын хабарлады. Жергілікті органдардың мәліметінше, ұшақта отырған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің бәрі қаза болған.Atención: ⚠️ IMÁGENES FUERTES ⚠️ Uno de los pasajeros de nombre Sonu Jaiswal de 35 años, originario de la India inició una transmisión en vivo a través de #Facebook y captó el momento en que el avión de #YetiAirlines se estrella dejando como saldo él y 67 muertos más en #Nepal. pic.twitter.com/HH3To9EbMC
— El Dato Noticias Morelos (@eldatomx) January 15, 2023