30 жастағы ер адамды зорлаған екі жігіт ұсталды
«Бұл дерек ҚР ҚК-нің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Қылмыстың мән-жайы мен орны анықталып, күдіктілер «ізін суытпай» ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандар 2001 және 2003 жылы туған. Олардың Алматыда тұрақты жұмысы жоқ», – делінген полиция таратқан хабарламада.Сонымен қатар полиция қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын атап өтті.