«Бауыздамақшы болған»: Алматыда әйелін пышақтаған адам сотталды

«Бауыздамақшы болған»: Алматыда әйелін пышақтаған адам сотталды

ашық дереккөзі

Алматыда әйеліне пышақпен шабуыл жасаған ер адам сотталды, - деп хабарлайды Taulik.kz  Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша кінәлі деп танылды. Сотта 30 жастағы Николай Веденяпин әйеліне үйде фотосессия жасаған досы үшін қызғаныштан қол көтергенін айтты. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, жәбірленуші Ол Ирина Веденяпинаны пышақпен ішінен, мойнынан жарқаттаған. Сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындады. Сот Николай Веденяпинді үш жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. «Сонымен қатар сот жәбірленуші И.Веденяпинаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мінезін сот назарға ала отырып шешім шығарған. Осыған байланысты сотта осы баптың санкциясында көзделген жазаның ең жоғары мөлшерін тағайындауға негіз жоқ. Сотталушыға жаза Қылмыстық кодекстің 55-бабының 2-бөлігінің нормалары бойынша тағайындалуы тиіс», - делінген Алматы қаласы Бостандық аудандық No2 сотының үкімінде. Сонымен қатар, сот сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына екі миллион теңге моральдық шығын өндірді. Бұған дейін Алматы тұрғыны Ирина Веденяпина күйеуіне аяусыз шабуыл жасалғанын мәлімдеген болатын. Әйелдің айтуынша, күйеуі қылмысты бес жасар қызының көзінше жасаған. Оқиға 2022 жылдың 21 мамырында болған. Әйелдің айтуынша, күйеуі оның мойнына пышақ сұғып алған.

Loading...