Мәзір
17 қаңтар, 2023 / taulik / Жаңалықтар

«Муж купил»: Байдың әйелі туралы ән Қазақстанда трендке айналды

«Муж купил»: Байдың әйелі туралы ән Қазақстанда трендке айналды

"Муж купил": Байдың әйелі туралы ән Қазақстанда трендке айналды "Муж купил": Байдың әйелі туралы ән Қазақстанда трендке айналды
ашық дереккөзі
Әнші-орындаушы Instasamka-ның "За деньги ДА" әні Қазақстанда трендке айналды. Әлеуметтік желі қолданушылары видеоны Дубайда емес, ауылда түсіріп жұртшылыққа күлкіге қарық қылды. "Эту сумку мне муж купил, эти "Ролексы" муж купил, кольцо с бриллиантами мне муж купил, муж купил, мне муж купил", – дейді Instasamka жаңа туындысының қайырмасында. Дәл осы үзінді әлеуметтік желілерде әп-сәтте танымал болып, қыздарға жомарт жұбайларының сыйлықтарын еш ойланбастан көрсетуге мүмкіндік берді. Рас, көп жағдайда қымбат аксессуарлардың орнына пайдаланушылар полиэтилен пакеттер мен қымбат сағатсыз білектерін көрсетіп, көрермендерді жаулап алды. Ауыл тұрмысы көрсетілетін бейнелерде биік ғимараттардың, кешкі қала мен пальмалардың орнына мал қора, шөп, көшедегі ағаш дәретхананы тамашалай аласыз. Пайдаланушылар бұл интерпретацияға риза болды.

Апта талқысында: