Мәзір
17 қаңтар, 2023 / taulik / Жаңалықтар

«ВИП-казашка» атымен танылған Қаскелең тұрғыны тағы да ұсталды

«ВИП-казашка» атымен танылған Қаскелең тұрғыны тағы да ұсталды

"ВИП-казашка" атымен танылған Қаскелең тұрғыны тағы да ұсталды "ВИП-казашка" атымен танылған Қаскелең тұрғыны тағы да ұсталды
ашық дереккөзі
"ВИП-казашка" ретінде танылған Қаскелең тұрғыны тағы да тәртіп бұзып, бұл туралы видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде қараша айында жол ережесін бұзғаны үшін сотталған қаскелеңдік қыздың видеосы пайда болды. Ол тікелей эфирге шығып, көлікті сақтандырусыз жүргізгенін және өткен күні құқық бұзушылық үшін айыппұл төлегенін айтты. Алматы облысының полицейлері Қаскелең қаласының тұрғынын ұстағанын  хабарлады. Басқа мәліметтер әлі жарияланған жоқ. Еске салайық, 21 жастағы Алматы облысының тұрғыны автокөлікке жалған «VIP-пропуск» сатып алып, жол ережесін қасақана бұзған. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде видео жариялады. Полиция оны жауапқа тартып, ол Қазақстан халқынан кешірім сұраған видео үндеу түсіріп алған.

Апта талқысында: