Қуаныш Асылов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды taulik.kz әкімдікке сілтеме жасап. Тағайындалғанға дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. Қуаныш Жұмабекұлы Асылов 1973 жылы 14 наурызда Алматы қаласында туған. Құқықтану ғылымдарының магистрі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және саясаттану ғылымдарының магистрі, Вашингтон Дюк университеті Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебі. 1995-2002 жылдары – Бизнес саласындағы басшылық лауазымдар. 2002-2006 жылдары – Мемлекеттік органдарда қызмет атқарған. 2006-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында ресми іс-шаралары және сыртқы байланыстар секторының меңгерушісі. 2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының директоры. 2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы. 2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыстар және тілдер саясаты комитетінің төрағасы. 2017-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі қоғамдық-саясат секторының меңгерушісі. 2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі аналитика орталығы меңгерушісінің бірінші орынбасары. 2019-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице- президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері қауымдастығының президенті.
Loading...