«Бәрі телефоннан»: Суицид жасаған 13 жастағы оқушының әкесі дабыл қақты (АУДИО)
«12-сі күні 13 жастағы қызымнан айырылдым. Жұбайыммен үйге келгенде, баспалдақта асылып тұрғанын көрдік. Балаңыздың телефонын тексеріңіз деп айтқым келеді. Басқа балалардың өліміне жол бергіміз келмейді. Байқағаным, бұның бәрі телефоннан. TikTok-та әлдебір ойын пайда болған, олар сол жерде кезеңдерден өтетін көрінеді. Бірінші – тамырын кеседі, содан кейін өзін асып қояды. Қызым 12 қаңтарда өзіне қол салды. Дәл сол күні Таразда да осындай екі оқиға тіркелген, бірақ олар артынан хат қалдырған. Үшеуі де телефондарын тазалап, барлық мәліметті жойып жіберген болып шықты. Прокуратура істі қолға алды. Сондықтан балаңызды тексеріңіз!» - дейді қыздың әкесі.