Семейлік дәрігерлер науқастың басынан алып эхинококты кистаны алып тастады, - деп хабарлайды Taulik.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Мидағы ісіктің бұл түрі дәрігерлер тәжірибесінде сирек кездеседі.
17 қаңтарда 20 жастағы науқас Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасының невропатолог дәрігерлеріне түсті. Алғашында инсульт болды деп күдіктенген, бірақ оның миының томографиясынан диаметрі 5,5 сантиметрлік үлкен киста анықталды.
"Науқас қатты бас ауруы, бас айналу, жүрек айнуы, құсу, жалпы әлсіздік шағымдарымен түсті. Ол жүре алмады. Миына МРТ жасап, қосымша тексеруден өтті. Аз уақыт ішінде эхинококкоз диагнозы анықталды. Бас сүйегіне трепанация жасап, ісіктерді алып тастау туралы шешім шығарылды.Оған бірден ота жасалды.Науқастың миынан жедел түрде эхинококк алынды», - деп хабарлады Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургтері.
Краниотомия және ісіктерді алып тастау операциясы екі сағатқа созылды. Алып паразитті жоюға арналған хирургиялық операцияны Жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургия бөлімінің дәрігерлері Семей Алтай Құлтуманов, Төлеуғали Қойшыбаев, Құмар Сейілханов және Дамир Бекенов жасады.
Мидың эхинококты кистасы (ми эхинококкозы) – Echinococcus multilocularis және Echinococcus granulosus гельминттерінің дернәсілдік сатыларынан туындаған орталық жүйке жүйесінің табиғи ошақты паразиттік ауруы. Паразиттер ағзаға лас қол арқылы енеді, сонымен қатар ит, мысық, түлкіден де жұғады.
Уақытылы емделмесе, эхинококкоз өлімге әкелуі мүмкін.