Шымкент қаласы әкімдігінің алдына 5 мың противогаз тасталған

Шымкент қаласы әкімдігінің алдына 5 мың противогаз тасталған

ашық дереккөзі

Шымкент қаласы әкімдігінің қабырғасында ерекше оқиға болды. Қала әкімдігі ғимаратына бес мың противогаз әкелініп, есік алдына тасталған, - деп хабарлайды КТК.

Бастамашы жергілікті кәсіпкер болды. Әйел өткен жылы бес мың противогаз жеткізу бойынша тендерді жеңіп алған. Ол ресейлік зауытқа тапсырыс беріп, 160 миллион теңгеден астам ақша жұмсағанын айтады. Бірақ компанияда шикізат таусылған, ал қазақстандық компания белгіленген мерзімге сыймаған.

Әйелдің айтуынша, ол шенеуніктерге белгіленген мерзімге сай келмейтінін ескерткен. Бірақ противогаздар әкелінген кезде әкімдіктегілерге керек емес боп шыққан. Қала әкімдігі келісім-шартты бұзып, кәсіпкер әйелдің үстінен сотқа шағым түсірген, содан кейін тендерді қайта ойнатқан.

"Компания тауарды тендерде белгіленген мерзімнен кешіктіріп берді. Заң бойынша біз сотқа жүгіндік. Егер сот тауарды алып, компанияның ақшасын төлеуге міндеттесе, біз оны орындаймыз", - деді Шымкент қаласы әкімі аппаратының мамандандырылған базасының меңгерушісі Ердәулет Құрманғазы.

Loading...