Мәзір
18 қаңтар, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Астана аспанынан белгісіз ұшып өткен нысанның видеосы таралды

Астана аспанынан белгісіз ұшып өткен нысанның видеосы таралды

Астана аспанынан белгісіз ұшып өткен нысанның видеосы таралды Астана аспанынан белгісіз ұшып өткен нысанның видеосы таралды
ашық дереккөзі
Астананың аспанында белгісіз нысан байқалды. 18 қаңтар күні таңертең әлеуметтік желілерде аспандағы нысан түсірілген кадрлар пайда болды. Кейбір қолданушылар бұл Байқоңырдан ұшырылған зымыран болуы мүмкін деген болжам жасады. Алайда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі ғарыш айлағынан ұшырылым болмағанын хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Азаматтық авиация комитеті сол сәтте Астананың үстінде Boeing 777 ұшағы ұшып өткенін хабарлады. «2023 жылдың 18 қаңтарында таңғы сағат 09:00 шамасында China Southern Cargo Airlines әуе компаниясының Boeing 777 ұшағы Чунцин-Франкфурт бағыты бойынша 32 000 фут (9 750 метр) биіктікте тұрақты рейс орындап, Астананың үстінен ұшып өтті», - деді авиация өкілдері.

Апта талқысында: