Қазақстанда жаңа Respublica партиясы тіркелді. Бұл туралы партия төрағасы Айдарбек Ходжаназаров мәлім етті, деп хабарлайды Taulik.kz.
"Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының ХҚКО -ң бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды. Енді біз - еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі - ортақ ортақ жеңісіміз! Алайда, бұл сынақтар бізді тек ғана күшейтті", - деп жазды Айдарбек Ходжаназаров Facebook парақшасында.
⠀
Ол партияның тең төрағалары - Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаевты құттықтады.
⠀
"Партияның барлық мүшелерін, осы уақыттан бері бізге сенім артып, зор қолдау білдірген барлық адамдарды осы маңызды бастамамен құттықтаймын және сенімдеріңіз бен үкілеген үміттеріңізді ақтауға жұмыла кірісеміз дегім келеді. Бүгіннен бастап біз партияның қызметін еліміздің әрбір өңірінде толық көлемде ресми түрде жүргізуге құқылымыз. Болашақ біздің қолымызда, ағайын", - деді ол.
⠀
Respublica еліміздегі жетінші партия болды.