"Күнде ертең": Алматылықтар жиһаз шығарушыны алаяқ деп айыптады

"Күнде ертең": Алматылықтар жиһаз шығарушыны алаяқ деп айыптады

ашық дереккөзі

Жиһаз шығаратын компанияны алматылықтар алаяқтық жасады деп айыптады, - деп хабарлайды Taulik.kz тілшісі КТК сайтына сілтеме жасап.  Алматыда бірден 50 адам жиһаз шығаратын компанияны алаяқтық жасады деп айыптады. Олар тапсырыс беріп, ақшасын төлеген, бірақ үстелдер мен орындықтарын әлі ала алмай жүр. Сонымен қатар, шеберхана жұмысын жалғастыруда, ал иесі әлеуметтік желілерде жаңа тұтынушыларды белсенді түрде іздеп жатыр. Зардап шеккендер полицияға хабарласып үлгерген.  Алматы тұрғыны Мағжан Зиябек гардероб жиһазы, ас үйіне үстел, орындық және гардеробқа тапсырыс берген. Ол фирмаға үш ай бұрын хабарласқан. Ер адамды төмен баға қызықтырған екен. Бірден тапсырыс беріп, алдын ала төлем жасаған – миллионға жуық. Содан бері оларды көрмедік,- дейді Мағжан.  "Звондаймыз, күнде хабарласамыз. Біресе ауруханада, біресе тағы бір жерде, ертең дейді. Күнде ертең, күнде ертең. Базардан екі есе төмен, сондықтан тапсырыс бердік. Бәрін істеймін деп уәде берді. 20 күнде, бірақ қазірдің өзінде үш ай өтті», - дейді Мағжан Зиябек.  Кейбір тұтынушылар жиһаздарын төрт жылдан бері күтіп жүр. Фирманы бірден 50 адам алаяқтықпен айыптады. Көпшілігі полицияға барды.  "Бұл факт 2019 жылдан бері, яғни үш жылдан астам уақыттан бері орын алып келеді. Нақты соманы айта алмаймын, бірақ 20 миллионнан асатын шығар. Бостандық ауданының полициясына 30-ға жуық адам факті бойынша жүгінген», - дейді заңгер Альбина Бақтиярқызы.  Ал, кәсіпкер жұмысын жалғастырып, жаңа тапсырыстар алуда.  "Алты адамды жұмысқа қабылдадым. Осыдан кейін қараша айында олардың жалақысын төлеуге көбірек тапсырыстар қабылдай бастадым. Алайда алынған көлемді игере алмадық. Бірақ соған қарамастан қызметкерлер екі айлық жалақыны төлеуімді талап етті. Мен мұны істегеннен кейін олар бірінен соң бірі кете бастады.Қазір жалғыз жұмыс істеймін.Ештеңе істеуге уақытым жоқ»,-дейді кәсіпкер Сейітбек Бердіқұлов.  Кәсіпкер алдағы екі айда барлық тапсырыстарды орындауға уәде беріп отыр. Алайда, клиенттер енді шеберге сенбейді. Және олар одан барлық ақшаны қайтаруды талап етеді. Әйтпесе, олар істі сотқа береді.

Loading...