logo
search
menu

72 жастағы қария он адамды атып өлтірді

72 жастағы қария он адамды атып өлтірді
23 қаңтар, 2023
72 жастағы қария он адамды атып өлтірді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Лос-Анджелес маңындағы Монтерей-Парк қаласында бір адам халыққа оқ жаудырып, атыс кезінде он адам қаза тапты, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Қанды оқиға қаладағы кәсіпорындардың бірінің аумағында болған. Полиицияның дерегінше, күдікті адам ақ түсті «Пикап» көлігіне отырып көрші қалаға дейін қашып барған. Құқық қорғау органдары күдіктінің көлігін қоршап алғанда, ішінен атылған мылтықтың дауысы естілген. Бір жарым сағаттан кейін көлікке жақындап, есігін ашқан полиция қария адамның мәйітін көрген. Алдын ала болжам бойынша, он адамның қанын мойнына алған адам – 72 жастағы Ху Цан Тран атты жергілікті тұрғын. Ал телеарна арқылы осы оқиғаға қатысты мәлімет берген Лос-Анджелестегі Қытай сауда палатасының басшылығы Ху Цан Транның оқиға алдында әйелімен ұрсысып қалғанын айтқан. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр. Айта кететін жайт, қаза тапқан он адамнан басқа тағы бірнеше адамға оқ тигені және олардың түрлі жарақатпен ауруханаға түскені белгілі болды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы