logo
search
menu

Мұхамедиұлы ісі: Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

Мұхамедиұлы ісі: Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары ұсталды
24 қаңтар, 2023
Мұхамедиұлы ісі: Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары ұсталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    «ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш.Нұразхан ұсталды, деп хабарлайды taulik.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлына және басқа да адамдарға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда. Жүргізіліп жатқан тергеу аясында А.Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, «Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан «ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш.Нұразхан ұсталды. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен А.Ш.Нұразхан 2 ай мерзімге қамауға алынды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы