logo
search
menu

Әлемдегі ең атақты футболшы қамауға алынды

Әлемдегі ең атақты футболшы қамауға алынды
24 қаңтар, 2023
Әлемдегі ең атақты футболшы қамауға алынды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    «Барселона» мен Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Дани Алвесті зорлады деп айыптаған бойжеткен оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды taulik.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Оның айтуынша, футболшы оны түнгі клубтардың біріндегі дәретханаға апарған, ол кеткісі келетінін айтса да, бразилиялық оны жібермеген.
    «Мен ол есіктің артында не тұрғанын білмедім, тағы бір VIP-бөлме болады деп ойладым. Қарсы болдым, бірақ ол менен әлдеқайда күшті ғой», - деді бойжеткен.
    Бұған дейін Алвес төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын. Испанияның заңына сәйкес жыныстық зорлық-зомбылық үшін төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Алвес кепілсіз қамауға алынды, ал мексикалық «Пумас» клубы онымен келісімшартын бұзды. Алвес – әлемде атағы ең көп футболшы. Ол 46 жүлдені жеңіп алған.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы