logo
search
menu

Банкроттыққа өтініш беретін уақыт белгілі болды

Банкроттыққа өтініш беретін уақыт белгілі болды
24 қаңтар, 2023
Банкроттыққа өтініш беретін уақыт белгілі болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Заңғар Шындали Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде борышкерлерге арналған банкроттықтың нақты қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды taulik.kz.
    «2022 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» ҚР Заңына қол қойды. Ол банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің алдында мерзімі өткен берешегі бар және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген борыштардың басқа да түрлері бойынша ҚР азаматтарының төлем қабілетсіздігіне байланысты туындаған қатынастарды реттеуді көздейді. Бұл Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Бұл дегеніміз - қарызы бар азаматтар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады деген сөз», – деді Заңғар Шындали.
    Спикердің айтуынша, заңның қабылдануы берешек несиелерін есептен шығару акциясы емес, бұл – бірқатар салдары бар соңғы шара.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы