Желіде көлік ұрлаған жігіт ұсталып қалып, өзін пышақтаған видеосы пайда болды

Желіде көлік ұрлаған жігіт ұсталып қалып, өзін пышақтаған видеосы пайда болды

ашық дереккөзі

Көлікті ұрлап, кейін өзін пышақпен жаралаған ер адамның ұсталғаны туралы егжей-тегжейлі видео пайда болды. Алматыда ер адам өзгенің көлігін ұрлап кетіп, оны полиция қызметкерлері ұстаған кезде өзін пышақтап тастаған. Ер адам өзгенің Daewoo маркалы көлігін айдап кетпекші болған. Иесі полицияға хабар беріп, көлікті ұрламақшы болған жігітті видеоға түсіріп алған. Ол жақындаса өзін пышақтаймын деп қорқытқан. Ер адамға көмекке полицейлер келген. Күдікті қашып бара жатып өзін пышақтаған. Ол медициналық көмек көрсетілуі үшін қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Аталмыш видео Ішкі істер министрлігінің Telegram-каналында пайда болды. Кадрда көлікті ұрлаған адамның ол жерден қалай қашпақ болғаны көрсетілген. Осы уақытта полиция қызметкерлері дер кезінде жетіп, өзін пышақтаған адамды ұстады.

"Қазір ер адам медициналық мекемеде. Күзетшілер қойылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы "Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды, мән-жай анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Loading...