Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
24 қаңтар, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Жемқорлық дауынан соң бірнеше жоғары лауазымды шенеунік отставкаға кетті

Жемқорлық дауынан соң бірнеше жоғары лауазымды шенеунік отставкаға кетті

Жемқорлық дауынан соң бірнеше жоғары лауазымды шенеунік отставкаға кетті
ашық дереккөзі
Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Кирилл Тимошенко отставкаға кетті. Ол 24 қаңтарда өзінің Telegram-каналында жұмыстан босатылғаны жөнінде хабарлап, фотосурет жариялады. Бұған дейін Тимошенко General Motors компаниясының Украинаға гуманитарлық көмек ретінде берген көлікті жеке өзіне пайдаланды деп сынға қалған, деп хабарлайды taulik.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап. Тимошенкомен бөлек, бүгін 24 қаңтарда Украина қорғаныс министрінің орынбасары Вячеслав Шаповалов та отставкаға кетті. Украина әскерін тылда қамтамасыз етуге жауапты Шаповалов жауынгерлерге азық-түлікті жоғары бағамен сатып алғаны туралы зерттеуден кейін басы дауға қалған. Министрлер кабинеті Сум, Запорожье, Херсон, Днепропетровскжәне Киев облыстарының әскери әкімшіліктер басшылығының да отставкасын мақұлдады.