Мәзір
25 қаңтар, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Бас прокуратура Челах ісі бойынша құжаттарды соттан алдырды

Бас прокуратура Челах ісі бойынша құжаттарды соттан алдырды

Бас прокуратура Челах ісі бойынша құжаттарды соттан алдырды Бас прокуратура Челах ісі бойынша құжаттарды соттан алдырды
ашық дереккөзі
Бас прокуратура өмір бойына сотталған Владислав Челахқа қатысты қылмыстық істің материалдарын соттан алдырды, деп хабарлайды taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Бас прокуратура қылмыстық-процестік кодекстің 486-бабына («заңды күшіне енген сот актілеріне өтінішхат беруге, наразылық келтіруге құқығы бар адамдар») сәйкес соттан қылмыстық істі сұратты. Оның материалдары зерделеніп жатыр, - делінген жауапта.
Бас прокуратураның хабарлауынша, сотталған Владислав Челахтың уәждері «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның жəне қылмыстық-процестік кодекстің талаптары негізінде тексеріледі. Айта кетейік, Владислав Челах 2012 жылы 15 адамды өлтірді деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. 2012 жылдың 28 мамырында қазақ-қытай шекарасында орналасқан «Арқанкерген» шекара бекетінде қайғылы оқиға болды. Мамырдың аяғында «Арқанкергендегі» шекарашылармен байланыс кенет үзілген. Содан кейін ол жерге жасақ жіберілген. 30 мамырда  «Арқанкергенге» жіберілген жасақ шекара бекетінің жанып кеткенін хабарлады. Бір күннен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметі өртеніп кеткен ғимараттан 12 адамның сүйегі, ал келесі күні тағы екі шекарашының мүрдесі табылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ бір қорықшының мәйіті табылған.
4 маусымда шекара бекетінен 24 шақырымда орналасқан қыстаулардың бірінде шекарашы Владислав Челах ұсталды. Ол кезде қарағандылық жігіт 19 жаста болған.
Бұл іс бойынша сот үкімі 2012 жылы 11 желтоқсанда шықты. Сот Челахты 15 адамды өлтірді деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сол уақыттан бері Челах және оның қорғаушысы тарапынан Жоғарғы сотқа сот актісін қайта қарау туралы 8 рет өтініш түскен. Челах 2013 жылдың наурызынан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы өмір бойына бас бостандығынан айырылған азаматтарға арналған «Қара бүркіт» мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Апта талқысында: