Мәзір
25 қаңтар, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Украинада із-түзсіз жоғалған британ еріктілерінің қаза болғаны анықталды

Украинада із-түзсіз жоғалған британ еріктілерінің қаза болғаны анықталды

Украинада із-түзсіз жоғалған британ еріктілерінің қаза болғаны анықталды Украинада із-түзсіз жоғалған британ еріктілерінің қаза болғаны анықталды
ашық дереккөзі
Украинада із-түзсіз жоғалған британ еріктілері 28 жастағы Кристофер Пэрри және 48 жастағы Эндрю Бэгшоудың Украина шығысында қаза болғаны анықталды, деп хабарлайды Taulik.kz azattyq-қа сілтеме жасап.  Бұл ақпаратты Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі мен Кристофер Пэрридің жақындары растады. Соңғы рет еріктілерді жұрт 6 қаңтарда Соледар қаласы маңында көрген. Пэрридің жақындары таратқан хабарламада екі еріктінің Соледардан жұртты эвакуациялауға көмектесіп жүрген кезде қаза болғаны жазылған. Олардың айтуынша, осы уақыт бойы Пэрри 400-ден астам адамды құтқарып, далада қалған көп жануарға көмектескен. Ол адамдарды эвакуациялайтын көліктерге жанармай, бөлшектер сатып алу үшін краудфандинг ұйымдастырған. Эндрю Бэгшоу кейінгі кезде Жаңа Зеландияда тұрған, бірақ соғыс басталғаннан кейін Украинаның соғыс жүріп жатқан аймақтарына ерікті ретінде барған. Бэгшоу туыстарының сөзіне қарағанда, азық-түлік тасып, қарттарға соғыс аймақтарынан кетуге көмектескен. Қаңтар басында "ЧВК Вагнер" жекеменшік әскери тобының басшысы Евгений Пригожиннің баспасөз қызметі мен әскери топпен байланысты Телеграм-арналар Соледар қаласында бұрын жоғалған британ еріктісі өлі күйде табылғанын жазған.

Апта талқысында: