"Ол қазақ әндерінен ғажап әсерге бөленеді": Канело жаттығуда қазақ әніне биледі

"Ол қазақ әндерінен ғажап әсерге бөленеді": Канело жаттығуда қазақ әніне биледі

ашық дереккөзі

Сауль Канело Альварестің қазақ әніне эмоционалды биі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Taulik.kz

Титулды боксшы жаттығуын үзіп, қазақша әнге биледі, ал видеоны Suleimen Promotions Instagram желісінде жариялады. "Канело елге, өнерге үлкен құрметпен қарайды. Ол әсіресе қазақ әндерінен ғажап әсерге бөленеді, билегенді ұнатады", - деп жазады дереккөз сипаттамада. Видеодан қазақ боксшысы Бек Нұрмағанбеттің мексикалықты би батлына қалай "арандатқанын" көруге болады. Альварес шақыруды қабылдады: ол жаттығуды тоқтатып, «Меховая 8/1» тобының «Тойға шашу» әніне бірнеше би қимылдарын көрсетті. Айта кетейік, промоутерлік компанияның ақпараты бойынша, бұл екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионымен қазақстандықтардың бірлескен жаттығуының бірінші тәжірибесі емес. Оқу-жаттығу жиынында Нұрмағанбеттен бөлек Әбілхан Аманқұл, Абылайхан Жүсіпов, Данила Семенов және Евгений Павлов бар.

Loading...