logo
search
menu

Қазақстанның тағы бір боксшы қызы Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстанның тағы бір боксшы қызы Азия чемпионатында алтын жеңіп алды
25 қаңтар, 2023
Қазақстанның тағы бір боксшы қызы Азия чемпионатында алтын жеңіп алды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Бүгін, 25 қаңтарда Бангкок қаласында (Таиланд) бокстан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында қыздар арасында финал жекпе-жектері өтті. 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Гүлсая Ержан таиландтық Порннипа Чутимен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Қазақстан өкілі төрешілердің шешімімен жеңіске жетті – 29:28, 30:27, 26:30, 27:30 және 29:28. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық боксшы Жасмин Қизатова өзбекстандық Азиза Зокировамен кездесті. 70 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Қазақстанның басқа өкілдері де турнирдің қола жүлдесін жеңіп алған болатын. Олардың ішінде: Мөлдір Тойкова (50-ге дейін), Әнел Сақыш (54-ке дейін), Виктория Графеева (57-ге дейін), Шахназ Исаева (60-қа дейін), Назерке Серік (63-ке дейін), Ақнар Ищанова (66-ға дейін) және Дана Дидай (75-ке дейін) бар.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы