Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жамбыл облысында сәбиді 1,5 млн теңгеге сатып жібермек болған (ВИДЕО)
Жамбыл облысында сәбиді 1,5 млн теңгеге сатып жібермек болған (ВИДЕО)
25 қаңтар, 2023

Мазмұны
Жамбыл облысында жаңа туған сәбиді 39 жастағы әйелге 1,5 млн теңгеге сатып жіберген дәрігерлер ұсталды.
Тараз қаласында осыған дейін жаңа туған баланы сату дерегі тіркелген болатын Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп, нәтижесінде қылмыс жасағандар анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz
«Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының екі акушерін анықтап, ұстады. Тергеу шаралары барысында жаңа туған қызды акушер мамандар 39 жастағы Тараз тұрғынына 1,5 млн теңгеге сатып жібергені белгілі болды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес аталған әйелдер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ал баланы сатып алушыға қатысты қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды»,- делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, нәресте Тараз қаласындағы сәбилер үйіне орналастырылған.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы