Мәзір
26 қаңтар, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Көлік заңдастыруда көрші елден ұрланғаны анықталып жатыр

Көлік заңдастыруда көрші елден ұрланғаны анықталып жатыр

Көлік заңдастыруда көрші елден ұрланғаны анықталып жатыр Көлік заңдастыруда көрші елден ұрланғаны анықталып жатыр
ашық дереккөзі
Ақтөбеде көлік заңдастыру науқаны кезінде көрші елден ұрланған машиналар анықталып жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz  ktk-ға сілтеме жасап. Оны тәртіп сақшылары дереу тартып алып, айыппұл тұрағына тоғытты. Ал жүргізушілер адал ақшаға алған көлігіміздің осы уақытқа дейін қылмысқа қатысы барын білмедік деп ақталып жатыр.
"Легализация кезінде біліп тұрмын ғой. Кеше ұстағаннан кейін біліп тұрмын. Оған дейін маған ештеңе істеген жоқ. "Мынау ұрланған" деді де, жауып тастады. Төрт миллионға сатып алған ақшам далаға кетті", - Ақтөбе тұрғыны Азат Нағыманов. Бір жыл тақымдаған көлігінен айрылған Азат Нағыманов кешелі бері полиция басқармасы мен халыққа қызмет көрсету орталығының арасында жүр. Ресей нөмірлі көлігін аудан тұрғынынан сатып алған. Тәртіп сақшылары іздеуде жүрген, қылмысқа қатысы бар кез келген көлікті айыппұл тұрағына қою – міндетіміз дейді.
Жалпы елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру басталғалы екі мыңнан астам өтініш түскен. Соның тек 200 шақтысына ғана қазақстандық нөмір берілді. Құжат тапсырушылар көптігінен халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі де өзгерген. Енді мамандар бұрынғыдан екі сағатқа артық және сенбі күні де жұмыс істейді.
 "Көпшілігінің өтінішін қанағаттандырмай жатыр. Түрлі себептері бар. Ең алдымен – өтініштің дұрыс толтырылмауы. Одан соң былтыр 1 қыркүйектен кейін елге әкелген көлігін заңдастырғысы келеді. Кеден  тексеруі немесе өзге елде қандай да бір шектеуі бар көлік болып шығады", - дейді  Ақтөбе мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының міндетін атқарушы Самат Төлеуов.

Апта талқысында: