Алматы облысының Қарасай ауданында газ тарифінің көтерілуіне байланысты тағы да жанжал шықты, - деп хабарлайды .kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап. Бірнеше ауылдың тұрғындары тұтыну көлемінің артуына және газ жеткізуші ұйымның қызметіндегі басқа да қателіктерге шағымданып жатыр. "Үй ішілік газ жабдықтары үшін жылына 2000 ВДГО төлейміз. . Айтыңызшы, олар жылына бір рет болса да келіп тексеріп көрді ме? Жыл сайын, әр үйден, ештеңе істемей 2 мың теңге алады. Жалпы, оларда тіпті мамандар көп емес», - дейді Шамалған ауылының тұрғыны Галина Максимкина. «Мынадай шешімге келдік. Қазір антимонополиялық органның қорытындысын күтеміз. Олар өз бағасын нақты айтады. Осы кісілерге баяндаймыз. Газсыз қалмас үшін оны төлеу керек. Егер антимонополиялық орган артық тариф қойды десе, сол ақшаның бәрін халыққа міндетті түрде қайтарып береміз», – деді Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов «Халықтың наразы болғандықтан талдау жасадық. Талдау жасау барысында заң бұзылған. Басқарма монополясына ұсыныс берілді. Осы ұсынысқа байланысты монополия тексеруі қажет. Сол тексеру нәтижесі тариф, бағаны рәсімдеу немесе төмендету немесе заңды екенін көрсетеді», – деді Қарасай аудандық прокурорының орынбасары Заманбек Асыланбек. Ал жұмысы сынға қалған газ компаниясының өкілдері көгілдір отынға берешегі бар бұқара қалайда тариф құнын төлеуі керек деп отыр. Олай болмаған жағдайда ескерту жасалады. Төленбесе, жауапты мекеменің құбырды кесіп кетуіне де құқы бар екен. «34/7 деген бағамен оны төлеу керек. Қаңтар айынан бастап 33/25 деген баға бекітілді. Сонымен бекітілді. Монополияға қарсы комитет бір айдың ішінде жауабын шығарады, тарифпен таныстырады. Ол жұмыс жасалады», – деді «Сигма-газ» ЖШС директорының орынбасары Данияр Әшімхан. Айта кетейік, мұнда көгілдір отынның мәселесі 9 қаңтарда басталған. Бүгін бұқара бұл мәселені айтып, екінші рет бас қосты. Талап-тілек тыңдалды, енді тиісті шешім тексерістен соң белгілі болмақ.
Loading...