logo
search
menu

Композитор Сейіл Аяған қайтыс болды

Композитор Сейіл Аяған қайтыс болды
26 қаңтар, 2023
Композитор Сейіл Аяған қайтыс болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Танымал әнші-композитор Сейіл Аяған 52 жасқа қараған шағында мезгілсіз дүние салды. Бұл туралы Жанарбек Әшімжан Facebook-тағы парақшасында жазды.
    «Қайран, Секем… Жасаған берген жаратылысы бөлек Сейіл Аяған, аға дос, сіз де көштіңіз бе мына бейопа жалғаннан. Жаратқан иеміз көрмеген көшеңізден жарылқасын. Өзі мың құбылып тұрған мына дүниеге сіздің ғажайып әніңіз сәуле шашып тұр еді. Амал жоқ… Сейіл кетті дегенше, пейіл кетті десеңші…», – деп жазды журналист.
    Сейіл Аяған Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қызылтау совхозында дүниеге келген. Әнші өнер сүйер қауымға «Жас қалам», «Таң самалы»,  «Бала махаббат», «Жіберілген хат», «Қандай сұлу дүние» және тағы да басқа хит әндердің орындаушысы ретінде танымал.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы