Ауғанстандағы халықтың жартысы аш отыр

Ауғанстандағы халықтың жартысы аш отыр

ашық дереккөзі

БҰҰ барлық мемлекетті қажетті қаражат бөлуге, гуманитарлық жүк пен персоналдың Ауғанстанға тез және кедергісіз өтуіне мүмкіндік беруге, сондай-ақ гуманитарлық мақсатта қаржылық жеңілдіктер беруге шақырды, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Ауғанстанда қазіргі уақытта аштыққа тап болғандардың саны рекордтық деңгейге жетті. Елдің жартысына жуығы аштықтан зардап шегіп отыр. Бұл туралы БҰҰ-ның Кабулдағы азық-түлік агенттігінің өкілі Филипп Кропф хабарлаған. Сарапшының айтуынша, бұл елдің әрбір екінші тұрғыны аштыққа тап болған. "40 миллион халқы бар елде 7 миллион бала (5 жасқа дейін) және ана тамақтанбайды", - деді ол. Оның айтуынша, 2021 тамызында Талибанның билікті басып алуы миллиондаған адамдардың кедейлік шегінен төмен түсуіне әкеліп соқтырды және халықаралық көмек тоқтады. Ол ауғанстандықтардың аштықтан өлмейтінін, бірақ гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін ресурстары жетпейтінін айтты.

Loading...