logo
search
menu
Ақтауда басына диван құлаған ер адамның жағдайы белгілі болды
ашық дереккөзі

Ақтауда басына диван құлаған ер адамның жағдайы белгілі болды

Ақтауда басына диван құлаған ер адамның жағдайы белгілі болды Дәрігерлер Ақтауда басына диван құлаған ер адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Taulik.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық аурухананың мәліметінше, науқастың жағдайы өте ауыр болып. Ота жасау үшін бүгін Астанадан дәрігерлер келеді. "Науқастың жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер барлық жағдайды жасайды", - деп хабарлады облыстық аурухана өкілдері. Өткен аптаның басында 11-шағын ауданда No41 үйден өтіп бара жатқан адамның басына диван құлаған. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Диванды жоғарғы қабаттағы үйдің терезесінен лақтырып жібергені белгілі болды. Ер адам мойын омыртқасының сынуымен Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған.