logo
search
menu

Журналист Думан Мұхаметкәрімге Мәжіліске кандидат болуға рұқсат берілмеді

Журналист Думан Мұхаметкәрімге Мәжіліске кандидат болуға рұқсат берілмеді
30 қаңтар, 2023
Журналист Думан Мұхаметкәрімге Мәжіліске кандидат болуға рұқсат берілмеді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Журналист Думан Мұхаметкәрімге Мәжіліске кандидат болуға рұқсат берілмеді, деп хабарлайды Taulik.kz qaz365.kz-ге сілтеме жасап. Бұл туралы Мұхтар Тайжан өзінің facebook парақшасында мәлімдеді. Өзінің айтуынша, себеп – соңғы 10 жылда елдің бір жерінде тұрақты тұрмауы.
    "Конституцияның 51-бабының 4-тармағы бойынша талабы қанағаттандырылмаған. Соңғы 10 жылда еліміздің аумағында тұрақты тұру талабына сәйкес емес", - деп оқып берді журналист өзіне берілген құжатты.
    Алайда талабының орындалмауын журналист заңсыз деп санайды. Заң бойынша, кандидат ретінде тіркелетін адам "соңғы 10 жылда Қазақстан аумағында тұруы керек". Думан Мұхамедкәрім кейінгі он жылда "бірнеше өңірде тұрсам да, ел аумағынан кетпегенмін, шетелде тұрмадым" деп, өзінің бірнеше аймақта тұруын журналистік қызметімен түсіндіреді. Еске салайық, елімізде 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары кезектен тыс сайланады. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат 18:00-де аяқталады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы