Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы фитнес-клубтағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Шымкентте танымал фитнес-клубта төрт жасар бала суға батып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сәби ересектердің қарауынсыз суға батып кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, бала ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер науқастың өмірі үшін күрескен, бірақ оны аман алып қала алмаған, төрт жасар бала ауруханада көз жұмды. "Жедел жәрдем қызметіне қаладағы дене шынықтыру орталықтарының бірінен хабарлама түсті. Шақыру қағазында 4 жасар баланың бассейнге батып кеткені айтылды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері зардап шегушіні қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Жағдайы ауыр, жедел реанимацияға қарамастан бала ауруханада көз жұмды», - деп хабарлады Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Loading...