Қызылорда облысында 1,4 млн га жайылымдық жер жетіспейді, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Облыстық әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта облыста 352,4 мың мал басы үшін 4 млн гектар жер қажет. Бүгінде оның 2,6 млн гектары ғана қамтамасыз етілген. 28 округтегі елдімекендердің жақын учаскелерінің болмауына байланысты тұрғындарға бұл жерлерді беру мүмкін емес екен. Әкімдіктің ақпарынша, 1027 шаруашылығы жалпы ауданы 746,4 мың гектар жайылымды бірлесіп пайдалануға келіскен.
«Ресей Тарапынан Ресей Федерациясының жалға берілген аумағынан екі елдімекенге (Ақай, Төретам) қажетті 60 мың гектарды қайтару туралы алдын ала келісім алынды. Жақын арада материалдар үкіметаралық комиссияның қарауына ұсынылады», - деп толықтырды әкімдікте.Сонымен қатар Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне өңір үшін орман қорынан 600 мың гектар жер бөлу ұсынылды. Бұл учаскелер 26 елдімекенге мал жаю үшін қажет. Сонымен қатар мақсаты бойынша пайдаланылмаған 9 мың гектар жерді жайылымға бөлу жоспарланып отыр. Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 17 облыстың 15-і жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюға арналған жер тапшылығын бастан кешіп жатқанын айтқан болатын. Мәселен, Павлодар облысының әкімдігі 139 мың га жайылымның жеткіліксіз екенін хабарлаған. Сонымен қатар мемлекеттік орган жеке аулаларда мал саны 50 немесе одан да көп бастан асатын фактілер анықталғанын, бұл елдімекендердің айналасындағы учаскелерді ұтымсыз пайдалануға әкелетінін мәлімдеген. Әкімдік бұл жүктеме нормаларын, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау бойынша санитарлық нормаларды бұзуға әкеп соғады дегенді алға тартып отыр. Ал бұл мәселені шешу үшін жеке аула туралы заң қабылдау қажет. Айта кетейік, Алматы облысында жайылымдық жердің тапшылығы 1,4 млн гектарды құрап отыр.