Алматылық ер адам әйелін атып өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсады
Алматылық ер адам әйелін атып өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсады
1 ақпан, 2023

Мазмұны
Алматы тұрғыны әйеліне оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады. Оқиға 31 қаңтар күні кешке Наурызбай ауданында, Құрамыс шағын ауданында болған.
"Алдын ала болжам бойынша, отбасындағы жанжал кезінде 48 жастағы ер адам өз әйелін тапаншамен өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ведомстводан сараптамалар тағайындалғанын қосты.
Еске салайық, қаңтар айында әлеуметтік желілерде Алматыда Розыбакиевтің бойындағы «Мега» сауда үйінің ауданында ер адам өзінің құрбысын салонда өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Кейін Алматы полициясы кісі өлтіру мен суицидтің мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы