Мәзір
1 ақпан, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Оралда мектеп өртеніп, күзетші зардап шекті

Оралда мектеп өртеніп, күзетші зардап шекті

Оралда мектеп өртеніп, күзетші зардап шекті Оралда мектеп өртеніп, күзетші зардап шекті
ашық дереккөзі
Оралда мектеп өртеніп, күзетші зардап шекті. Ол білім ошағында көк түтінде ыстан уланған. Қазір ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр- деп хабарлайды ktk.kz  Өрт Оралдағы №28 мектеп-лицейдің екінші қабатында тұтанған. Сыныптағы электр қорапшасынан ақау шығып сымдары өртеніпті. Парталар мен шкафтардың түгі қалмаған. 66 жастағы күзетші өрт сөндірушілерге хабар беріп, олар келгенше отты өз күшімен өшірмекші болған. Бірақ көк түтінге тұншыққан күзетшіні құтқарушылар екінші қабатта жатқан жерінен тапқан. Оған қатты ыс тиген дейді дәрігерлер. Мектептегі өрт 40 минутта сөндірілді. Бірақ мектепке әзірге оқушылар кіргізілмейді. Әлия Дүйсеғалиева, №28 мектеп-лицей директорының орынбасары: - Бүгін оқушыларымыз сабақты қашықтан оқып жатыр. Мұғалімдеріміз онлайн-дәріске барлық бала қатысып отыр деп, жаңа айтып келді. Ертең енді мектептің бір бөлігіндегі сыныптарда сабақ оқытамыз деп отырмыз.

Апта талқысында: