Бүгін Астана уақытымен сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайтында қазақстандықтар үшін жеңілдетілген несиеге өтініш беру арқылы, көлік алуға болатын бағдарлама іске қосылды.
«Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасады. Өтініш беруі міндетті түрде телефон нөмірін енгізіп, автокөлік өндіруші компанияны таңдап, өтінімге қол қояды. Өтінімнің тіркелу барысы сайттағы «жеке кабинет» арқылы тексеріледі», - деп хабарлама да қалдырған.
Қанша уақыт күттіріп, жаңалықты сүйіншілеп жария еткен бағдарламаның ғұмыры қысқа болды. Бар-жоғы 18 секунд ішінде сайт жұмысын тоқтатып, сол аралықта тіркеліп үлгергендер ғана өтініш қалдырған. Осыдан кейін әлеуметтік желіде дау басталды. Бірі мұны қызық көріп, қалжыңға айналдырса, бірі «әдейі істеп» отыр дегенге келтірді.
ZTB.kz телеграм арнасында күмәнді жазба жариялады. Атап айтқанда, Мақсат А.Н есімді азаматтың аты-жөні көрсетілген суретті жүктеген. Онда желі қолданушысы «Қайырлы күн! Өтінішті қабылдау ерте басталып кеткен, сондықтан бұл сатып алынған» деген. Скринде көрсетілген уақыт таңғы сағат – 7:00. Ал ресми дерек бойынша өтініш беру сағат 10:00-де басталуы тиіс.
Бұдан бөлек дәл осы арнаның тұрақты оқырмандарының бірі өтініш беретін сайттың кодын скриндеп салған. Онда өтініш қабылдау бойынша бәрі дұрыс жұмыс істеп тұрғаны айтылған. «Біздің оқырман бұл арнайы белгілі бір адамдарға керек болған деген пікірде», - дейтін жазба қалдырды ztb.kz.
Айта кету керек, 18 секунд ішінде 761 адам өтінім беріп үлгерген.