Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
7 ақпан, 2023 / taulik / Жаңалықтар

«Спитакта болғаннан 30 есе күшті»: Сейсмолог Түркиядағы жер сілкінісі туралы

«Спитакта болғаннан 30 есе күшті»: Сейсмолог Түркиядағы жер сілкінісі туралы

«Спитакта болғаннан 30 есе күшті»: Сейсмолог Түркиядағы жер сілкінісі туралы
ашық дереккөзі
6 ақпанда Түркияда болған жер сілкінісі 1988 жылы Арменияда бүкіл қаланы қиратқан Спитак жер сілкінісінен 30 есе күштірек болды. Бұл туралы РҒА жер сілкінісін болжау теориясы және математикалық геофизика институтының бас ғылыми қызметкері Владимир Кособоков «Мир-24» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды taulik.kz.
«Құрбандар туралы айтуға әлі ерте, өйткені құтқарушылар үйінділерді толықтай бөлшектеп үлгермеген. Жер сілкінісінің түнгі уақытта болғаны алаңдатып отыр. Өйткені ол уақытта адамдардың бәрі үйлерінде болды емес пе? Демек құрбандардың саны әлі де көбеюі мүмкін. Тіпті, ондаған мың адам қаза тапқан шығар», – деді Кособоков.
Сейсмологтың айтуынша, мұндай ауқымды жер сілкінісі шамамен жылына бір рет болады.
«Негізінен бұған ұқсас оқиғалар Тынық мұхиты сейсмикалық белдеуінде жиі кездеседі. Ал халық шоғырланған елдімекендерде жер сілкінісінің болуы – он жылда бір рет болатын құбылыс. Мысалыға, 2015 жылы Непалда зілзаладан тоғыз мыңға жуық адамның қаза тапқаны белгілі», – деді ол.
Оның айтуынша, Түркия – сейсмикалық қауіпті аймақ.
«Түркияда жер сілкінісі болған аймақта шамамен 70 мың адам тұрады. Дәл осы оқиғаның салдары ретінде бүгінде Армения мен Әзірбайжанда да жер сілкінісі сезілді. Бұған дейін дәл осындай зілзала болатынын болжадық. Мұндай қауіптің болу ықтималдығы 2026 жылға дейін жалғасады. Өкінішке орай, біраз жылдар бойы тестілеу арқылы расталған болжамдар уақыт жағынан сәйкес келгенімен, статистикалық тұрғыдан нақты болжам жоқ», – деді сарапшы.
Айта кетейік, кейінгі ақпараттарға сүйенсек, Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3,5 мың адамға жуықтады. Зардап шеккендер саны 3 419 адамға артып, 20 534 адамның жарақат алғаны белгілі болды.