Қазақстандықтар таза су мен 100% интернетке қашан қол жеткізеді?
Қазақстандықтар таза су мен 100% интернетке қашан қол жеткізеді?
ашық дереккөзі
«Қолжетімді интернет» және «Әр елді мекенде таза ауыз суы» деп аталатын ұлттық жоба дайындалды.
Қазақстандықтар толыққанды 100% интернетпен 2027 жылға қарай қамтамасыз етілмек. Биылдың өзінде республикалық маңызы бар қалаларда 5G – 75%, облыс орталықтарындағы қалаларда – 60% көрсеткішке жетеді деп сөз берді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі.
Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2027 жылға қарай ауылдық жердегі интернет үлесі 97 пайызға жетеді деп отыр.
«Әр елді мекенде таза ауыз суы» жобасына қатысты: халықты ресурстармен 100 пайыз қамтамасыз ету Индустрия және инфрақұрылым даму министрлігіне жүктелді.
2025 жылға қарай барлық қалалық және ауылдық жерлерді ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.