Алматыда Түркиядағыдай зілзала болуы мүмкін бе – ғалымдар болжамы

Алматыда Түркиядағыдай зілзала болуы мүмкін бе – ғалымдар болжамы

ашық дереккөзі

2023 жылы Алматы өңірінде қатты жер сілкінісі болмайды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Сейсмология институты мәлім етті, деп хабарлайды Taulik.kz.

"Ағымдағы жылы MSK-64 шкаласы бойынша қарқындылығы 7 және одан жоғары жер сілкінісі күтілмейді. Бірақ бұл жүз пайыз нақты болжам емес. Өкінішке орай, болатын жер сілкінісінің Күшін, орнын, уақытын дәл есептейтін нақты әдіс әзірге жоқ", - деді ҚР ТЖМ сейсмология институтының өңірлік сейсмикалық зертханасының ғылыми қызметкері Ақкенже Сиылқанова.

Алайда мамандар бұл жүз пайыз болжам емес екенін айтып, алматылықтарға төтенше жағдайларға дайындық шараларын назардан тыс қалдырмауға кеңес берді.

"Алматыда жер сілкінісі болады, бірақ ол болатын кезді болжау мүмкін емес. Бұған, тіпті, ғылымның қазіргі даму деңгейі де ықпал ете алмайды. Бірақ сейсмологияда қайталану деген ұғым бар: үлкен жер сілкінісінің болуы біраз уақытты қажет етеді. Сондықтан үлкен жер сілкінісінен кейін бірнеше жылдан соң тағы біреуі болуы екіталай. Мысалы, Алматыда соңғы рет ірі жер сілкінісі 19 ғасырда болған", - деді Новосибирск мұнай-газ геологиясы және геофизика институтының бас ғылыми қызметкері Иван Кулаков.

Мамандар азаматтарға төтенше жағдайда іс-қимыл жоспарын құруды, сейсмикалық жаттығуларға қатысуды ұсынады. Сонымен қатар жер сілкінісі кезіндегі мінез-құлық ережелерін меңгеру де үлкен маңызға ие.

Loading...