«Дикий» Арманның адвокаттары жиын өткізбек болған ғимараттың жарығы сөніп қалды
«Жарықтың барлығын әдейі өшіріп тастаған сияқты. Әйтпесе біз бұған бір апта бұрын дайындалғанбыз», – деді олар.Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған Арман Жұмагелдиевтің адвокаттары Алматы қонақ үйлерінің бірінде баспасөз мәслихатын өткізгісі келген. Бірақ жиын басталардан 20 минут бұрын ғимарат жарығы түгел сөніп қалған.