"Мен ерге тән көз жасымды бірінші президентке бола не оның кетуіне қатысты төккен жоқпын. Маған жеке басыма қатысты "Сіз үшін 90-жылдардың басы қандай мән береді?" деген сұрақ қойылды. 90-жылдардың басында бәріміз, біздің ұрпақ көрмегенді көрдік. Соның ішінде өз жақындарымызды, жалпы жақындарымызды жоғалттық... Мен сол үшін аздап эмоция білдірдім" - деп түсіндірді Перуашев.Ол "Ақылды адамдар идеяны, қалғанын басқалар сөз қылады" дегенге келтірді.
"Мен идеяны ұсынданды және талқылағанды құп көремін. Егер біреудің мені талқылағысы келсе, оның оған толық құқығы бар. Дегенмен мынаны түсіну керек, "Ақ жол" партиясы партиясы Парламентте 10 жыл отыр, жұмыс істеп жатыр, ал бұған мен ғана кінәлі деп отырса, онда біз бәрін дұрыс істеп жатырмыз. Яғни біз жарап тұрмыз деген сөз, - деді ол.