Маңғыстаудың киелі өлке екенін ертеден белгілі. Оның киесі, қасиетті жер екенін Қазақстанның әр аймағындағы халық жатқа білмесе де, естігені, білгені бар. Бүгін сіздерге Маңғыстаудағы киелі 5 мекен туралы айтамыз. [caption id="attachment_9661" align="alignnone" width="1280"] Фото: https://massaget.kz/[/caption] Шерқала Ақтау қаласынан 150 шақырым қашықтықта, Қаратау тізбегінің батыс бөктерінде Самал шатқалы бар. Оған жақын жерде Шерқала тауы орналасқан. Сырттай қараған адам оны әр нәрсеге ұқсатып жүр. Кейбіреулерітөңкерулі кесеге ұқсатса, енді біреулер таудан кәдімгі киіз үйдің бейнесін көреді. Шерқала жайындағыаңыздардың бірінде, ертеректе бір топ айбынды жауынгерлер қаптаған жаулардан қорған еткен делінеді. Таудықорғаушылардың қалғаны тау ішіндегі жерасты жолдарына тығылып, сол жерде мәңгі қалып қойыпты. Осындайбатырлық пен тәуелсіздіктің тірегі – Шерқала деген аталып кетіпті. Шақпақ Ата жер асты мешіті Бұл ескілікті сәулет өнерінің ескерткіші Таушық ауылынан 20 км қашықтықта Оңғазы тауының етегіндеорналасқан. Мешіттің батыс жағында Шақпақ атаның атымен аталатын қорым бар. Мұнда адай руының бірқатар белгілі адамдары жерленген. Шақпақ ата қорымында Бектеміс Ержан хазіреттің кесенесі де салынған. Жер асты мешіті 1928 жылы республикалық дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынды. Отпан тау Адай Ата кесенесі Маңғыстау жерінде орналасқан Батыс Қаратаудың ең биік шыңы 530 метрге жетеді. Оны Отпан тауы деп атайды. Таудың басынан төменге көз тастасаң, бұлттармен сыр шертіскен Бес шоқыны, қазақтың дархан даласын, жоталармен қыраттарды, сарқырап ағып, күннің көзімен шағылысып жатқан бұлақтарды, шеті көрінбейтін теңізді, алыстан сағымдайтын Ақтау қаласын, жайылып жүрген төрт түлікті көруге болады. Мұндағы тарихи-мәденикешендердің ең бастысы, Адай атаның ордасы болған – Ақсарай кешені. Бұл жер атаның сегіз немересінеарналып, сегіз бөлме етіп салынған екен. Бекет Ата жер асты мешіті Үш-төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлмелі киелі мешіт. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы дүниегекелген, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретіндеаты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Пайғамбар жасындадүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жер асты мешітіндегі бөлмелердің біріне қашап орналыстырылған. Қарақия ойпаты Қарақия ойпатының тереңдігі 132 метрді құрайды. Ал ұзындығы болса 50 шақырымға жетеді. Қарақия ойпаты теңіз деңгейінен 132 метр төменде жатыр. Бұл ойпат тереңдігі жөнінен дүние жүзінде 3-ші орынды алады. Бұл ойпат Үстірт шоқысының бір бөлігі, ал сілемелері неоген шөгінділерінен тұрады. Қарақия төбесінен айналаны тамашалауға зор мүмкіндік бар. «Қарақия» сөзі «қараңның араны» деген мағынаны береді екен. Ойпат бұрынғы жылдары Каспий теңізінің бір бөлігі болғандықтан, теңіз толқындары Қарақия шығанағына шығыпты. Сондай-ақ ойпаттың солтүстік шығысында тарихи ескерткіштер, ежелгі адамдардың қоныстанған мекені болған екен.
Дереккөз: qadam.asia