logo
search
menu

Жамаубаев бюджет қаражатын игере алмаған министрліктерді атады

Жамаубаев бюджет қаражатын игере алмаған министрліктерді атады
14 ақпан, 2023
Жамаубаев бюджет қаражатын игере алмаған министрліктерді атады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджет шығысы 94,7 пайызға жеткенін айтты, деп хабарлайды taulik.kz.
    «Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 93,5%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары – 94,7%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 96,3%-ға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 1,5 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Атқарылмаған жұмыстар сомасы 84 млрд теңгені құрады, оның ішінде 13 млрд теңге үнемделген. Игерілмегені – 71 млрд теңге», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.
    Жамаубаев ең көп игерілмеген сома Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Экология және табиғи ресурстар, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде қалыптасқанын айтты.
    «Қаржыны игермеудің негізгі себептері: төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы, шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақытылы қабылдамау, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақытында ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу», - деді Ерұлан Жамаубаев.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы