logo
search
menu

Үш баланы жарақаттаған оқушы 2 айға қамауға алынды

Үш баланы жарақаттаған оқушы 2 айға қамауға алынды
15 ақпан, 2023
Үш баланы жарақаттаған оқушы 2 айға қамауға алынды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Петропавлда мектепке пышақ пен балта әкеліп, 3 баланы жарақаттаған 9-сынып оқушысы 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды taulik.kz. Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған Д.-ны 2 ай қамауда ұстау жөнінде санкция берді.
    «ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды», – делінген хабарламада.
    Еске салсақ, 9-сынып оқушысы мектепке суық қару әкеліп, үш баланы жарақаттаған. Жасөспірім психиатриялық есепте тұрған.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы