logo
search
menu

Қазақстан ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан шығуға тиіс: петиция жарияланды

Қазақстан ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан шығуға тиіс: петиция жарияланды
15 ақпан, 2023
Қазақстан ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан шығуға тиіс: петиция жарияланды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Alash.online платформасында Ресеймен дипломатиялық және экономикалық байланыстарды тоқтату туралы петиция жарияланды, деп хабарлайды taulik.kz.
    «Қазақстан билігінен ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығуды, Ресей Федерациясымен барлық интеграциялық процестерді тоқтатуды талап етеміз! Сондай-ақ бізде ЕАЭО мүддесіне бола, көлікті кедендік рәсімдеу бағасы қымбат болып тұр, атап айтқанда, «бастапқы тіркеу» мен утильалым бағасы», – делінген петицияда.
    Автордың жазуынша, егер еліміз Ресеймен достық қарым-қатынасын жалғастыра берсе, Ресейдің қолдауынан бас тартпайтын болса, әлем бізден де теріс айналмақ. Қазіргі уақытта петицияға 34 770 адам қол қойған. Оның ішінде 31 536 адам қолдап дауыс берсе, 3 234 адам қарсылық білдірген.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы