logo
search
menu

Елбасы сайтының атауы өзгерді

Елбасы сайтының атауы өзгерді
16 ақпан, 2023
Елбасы сайтының атауы өзгерді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    «Тұңғыш президент – Елбасы туралы» заңның күші жойылған соң ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтының атауы өзгерді, деп хабарлайды taulik.kz. Бұған дейін сайт атауы Elbasy.kz болса, бүгіннен бастап Nazarbayev.kz болып өзгерді. Енді қолданушылар іздеу жүйесіне Elbasy.kz деп жазған күннің өзінде автоматты түрде Nazarbayev.kz сайтына ауысады. Бұған дейін сайттың алғашқы бетінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты» деп жазылса, енді «Елбасы» деген сөз алынып тасталды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы