Тікелей эфирде 10 адамды өлтірген жігіт өмір бойына сотталды

Тікелей эфирде 10 адамды өлтірген жігіт өмір бойына сотталды

ашық дереккөзі

Нью-Йорк соты 2022 жылы мамырда Буффало қаласында нәсілдік өшпенділікпен 10 адамды атып өлтірген 19 жастағы Пэйтон Гендронды мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ол өз қылмысын шлеміндегі камераның көмегімен тікелей эфирден көрсеткен болатын. Судьялар сот процесі кезінде қаза тапқандардың туыстарының эмоцияға толы куәлігін тыңдады. Үкім шыққаннан кейін кейбірі өз ашуын ұстай алмай қалды. Полиция сотталушыны залдан алып кетті. Кейінірек прокурор эмоциясын ұстай алмағандарға айыппұл салынбайтынын мәлімдеді. Қаза тапқандар (20-86 жас аралығында) дүкеннің сатып алушылары мен қызметкерлері еді. Гендрон винтовканы заңды түрде сатып алған, бірақ Нью-Йорк штатында оқ-дәрі сатуға рұқсат жоқ.  width=

Loading...