Талдықорған қаласында жасөспірім қызды соққыға жыққан қыздар туралы тақырыптың жалғасы ретінде тағы бір видео келді. Видеода Құндыз есімді қыз жігітті ұрып-соғып, ақша талап етіп жатыр, - делінген видеоның сипаттамасында.Ішкі істер министрлігі аталған факт бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. «Іс жүргізу аясында заңсыз әрекеттің мән-жайы анықталады. Алматы қаласындағы колледждердің бірінде оқитын 2005 жылы туған Б.-ның ювеналдық полицияның есебінде тұрғанын хабарлаймыз. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау дерегі бойынша қыздың анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша материал жиналды», - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram