6-ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмарас провинциясында балдық шкаласы 7,7 және 7,6 құрайтын жойқын жер сілкінісі бірнеше сағатқа созылды. Орын алған жерасты дүмпулері көрші елдерде де сезіліп, оның ішінде іргелес Сирия мемлекеті қатты зардап шекті. Салдарынан Түркияда 35,4 мың адам қаза тауып,105 мыңнан астамы жарақат алған. Мезгілсіз апат елдегі мыңдаған үйлердің бүлінуіне алып келді. Ауқымды тексеру жұмыстарының нәтижесінде барлық 370 мың ғимараттан 211 мыңға жуық пәтер ауыр зардап шеккен. Ал мамандар болса қираған ғимараттардың 98 %-ы 1999 жылға дейін салынғанын, құлау себебі үйдің іргетасы астындағы топырақтың сұйылтуынан екендігін анықтаған. Әрине, бұл үйді жобалау мен құрылыста инженерлік олқылықтардың салдары екендігін аңғартады. Бүгінде Түркияның тұрғын үй құрылысы басқармасы қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Басқарма бірінші кезеңде 30 мың тұрғын үй салатынын, ал бұл көрсеткіштің маусымға дейін 100 мыңға жететіндігін хабарлады.
Loading...