Жол апатынан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды taulik.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, 19 ақпан күні Самара-Шымкент автомобиль жолының 1768 шақырымында (Сырдария ауданы) Mercedes және Opel автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан төрт адам қаза тапқан. Ал бір адам ауруханаға жеткізілді. Толық деректер анықталып жатыр. Аталған дерек СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.
Loading...