logo
search
menu

Алматы облысының тұрғыны 19 шеге жұтып қойған

Алматы облысының тұрғыны 19 шеге жұтып қойған
22 ақпан, 2023
Алматы облысының тұрғыны 19 шеге жұтып қойған
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Алматы облысы Қарасай ауданы тұрғынының аш ішегінен 19 шеге шықты, деп хабарлайды taulik.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шизофрениямен ауыратын 39 жастағы ер адамның аш ішегінен ұзындығы 10 см болатын барлығы 19 шеге алынған. Науқас шеге жұтып қойған соң тек төртінші күні ғана дәрігер көмегіне жүгінген. Шұғыл түрде ота жасалды, қазір оның жағдайы қалыпты. Былтыр 12 қыркүйекті науқас дәл осылай шеге жұтып қойып, тек үшінші күн дегенде дәрігерлерге қаралған. Оның айтуынша, ашуланып осылайша суицид жасамақ болған. Ол кезде де ұзындығы 10 см болатын 14 шегені дәрігерлер алып тастаған. Отадан соң науқас құлан-таза сауығып, ауруханадан шығарылған.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы