Қанат Исламды жеңген боксшы «қазақтардың басын жұлуға» уәде берді
«Мен әлемнің мықты боксшыларына бәсекелес бола аламын. Жеке тұлға және боксшы ретінде өсіп келемін, маған Жәнібек Әлімханұлы сияқты аты шыққан боксшылар керек. Ол баяулап барады, ал мен керісінше, тағы бір қазақтың «басын жұлып алғым» келеді. Менің мақсатым – биылға бір үлкен айқас, Жәнібекпен Ұлыбританияда жұдырықтасу. Егер Головкин орта салмақта бір айқас өткізгісі келсе, мен дайынмын. Аты шыққан бір қазақты жеңдім, оларды ары қарай сабай беремін», – деді ол.